2021-2022 оқу жылына арналған оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг енгізу жөніндегі комиссияның жұмыс жоспары

№

Іс-шараның атауы

Мерзімі

Жауапты

1

Асхана жұмыс кестесінің сақталуын бақылау

Күн сайын

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, медицина қызметкері

2

Білім алушылардың тамақтану кестесінің сақталуын бақылау

Күн сайын

Сынып жетекшілері, Әлеуметтік маман

3

Дайындалған тағамдардың бекітілген ас мәзіріне, таңғы ас пен түскі ас беру сапасы мен нормаларына сәйкестігін бақылау тексерулерін жүргізу

Күн сайын

Комиссия мүшелері, медицина қызметкері

4

Білім алушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері) арасында дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастыру

Оқу жылы ағымында

Комиссия мүшелері

5

Тамақтану залын, тамақтану жиһазын, асхана ыдысын санитариялық-техникалық күтіп-ұстауды тексеру

Аптасына бір рет

Комиссия мүшелері

6

Балалардың дәмдік талғамдарын анықтау мақсатында білім алушылар мен ата-аналар арасында әлеуметтік зерттеу, тұтынылатын тағамдардың ассортиментіне және сапасына қанағаттану, тұтынылатын тағамдардың ассортиментіне және сапасына қанағаттану, тамақтануды ұйымдастыруға қанағаттану, білім алушылардың жеке гигиена ережелерін сақтау шарттары

Жылына екі рет

Комиссия мүшелері, медицина қызметкері

7

Ата-аналар мен сынып жетекшілеріне тамақтану бойынша кеңес беруді ұйымдастыру

Айына бір рет

Медицина қызметкері

8

Тамақтану сапасы мәселелері бойынша педагогикалық кеңестерге, семинарларға, кеңестерге, дөңгелек үстелдерге қатысу

мектеп жоспары бойынша

Комиссия мүшелері

9

Асхана залының эстетикалық безендірілуін тексеру

Жылына екі рет

Комиссия мүшелері

10

Оқу жылындағы комиссия жұмысы туралы есеп

Мамыр,2022 жыл

Төраға